30.01.2023, 12:45
Оқылды: 40

Оралда демалыс базасына сырғанауға барған 17 жасар қыз ауыр жарақат алды

Оралда демалыс базасына сырғанауға барған 17 жасар қыз ауыр жарақат алды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 28 қаңтар күні Ысқырық тауы аумағындағы «Саян» демалыс базасындағы сырғанақта болды.

IMG-20230130-WA0010

Сурет: zakon.kz сайтынан алынды

«Оқыс оқиға шамамен сағат 22.00-де болған. Сырғанақ теуіп жүрген кәмелетке толмаған 2005 жылы туған қызды трос соққан. Соның салдарынан қыз іштің жабық жарақатын алған. Бауырына зақым келіп, оң жақтағы бірнеше қабырғасы сынған. Қыз бала 29 қаңтар күні түнде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда. Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 306-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімнің қазіргі уақытта жағдайы ауыр.

«Қыз бала он жеті жаста. Ауруханаға 28 қаңтар күні сағат 23:55-те келіп түсті. Сырғанақ тебу кезінде құлап, жарақат алған. Ол металл тросына ілініп қалған. Ауруханаға жедел жәрдем арқылы жеткізілді. Науқастан іштің жабық жарақаты, бауыр жарақаты, сонымен бірге оң жақтағы алты қабырғасының сынуы анықталды. Науқас бастапқыда аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды. Бүгін хирургия бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауыр, бірқалыпты», - деп хабарлады ведомстводан.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале