Орал қаласы әкімдігінде Құрбан айт мейрамын ұйымдастыру және өткізу жөнінде жиын өтті.
Биыл Құрбан айт 16 маусым күні басталады. Осы күні таңғы сағат 6:30-да Айт намазы оқылады.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, құрбан шалынатын үш орын белгіленді. Олар: «Кублей» ЖШС, «БҚО тұрақтандыру қоры» ЖШС (Ел ырысы) және «Батыс адал ет» ЖШС орналасқан аумақтар.
Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайтын іске қосты.
Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев мерекені ұйымдастыру және өткізуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Құзырлы мекемелерге құрбанға шалынатын малдардың ветеринарлық тексерістен өтуін, құжаттарының дұрыс болуын қадағалау, құрбандық шалынатын орындарда санитарлық талаптардың орындалуын қадағалау жүктелді.
Сонымен қатар белгіленген орындардың абаттандырылуы, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуы қатаң бақылауда болуы қажет.