Қаладағы «Ескі аэропорт» ауданындағы екі көшеде реконструкция басталды.

Надежда көшесінің ұзындығы – 1,73 шақырым, Кеңдала көшесі – 1,03 шақырым. Қос нысан бойынша мердігер мекеме – «ДСК Приоритет» ЖШС.

Орал қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше жол жөндеу маусымы аяқталғанға дейін қос көшенің реконструкциясы толықтай аяқтау көзделген.

Сонымен қатар Ружейников көшесінде орташа жөндеу жалғасып жатыр.
zhaikpress.kz