Бүгін таңертең Оралда тұрғын үй өртке оранды. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
– Таңертеңгі сағат 08:05-те «101» пультіне қаладағы Н.Савичев мекенжайындағы жеке тұрғын үйден өрт шыққаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй шатырының 70 шаршы метрдей бөлігі жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын 08:39-да оқшауланып, сағат 09:10-да толықтай сөндірілді. Онда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеті техникасы мен жеке құрамның 26 қызметкері жұмыс атқарды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады департаменттен.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.
zhaikpress.kz