17.04.2023, 18:00
Оқылды: 20

Оралда тұрғыннан 28 келі қара уылдырық пен 157 келі бекіре тәркіленді

«Бекіре» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері құрып кету қаупі төнген балықтың дериваттарын заңсыз сақтағаны үшін 68 жастағы зейнеткерді ұстады. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

169F869B-6D87-4C0A-BF2A-0B26EE40CF91

Полицейлер 1955 жылғы азаматтың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде заңсыз сақталған балық пен уылдырықты тәркіледі.

Тәркіленгендер сақтау қоймаларына тапсырылды.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале