30.11.2021, 17:40
Оқылды: 127

Оралда ұландықтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтті

Оралда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің клубында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті.

9

Бұл айтулы күн 2011 жылғы желтоқсанда Парламент Сенаты депутаттарының бастамасымен қабылданған "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы "ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы" заңмен бекітілді. 1991 жылдың 1 желтоқсанында еліміздің тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президентті сайлады. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Сол кезден бері, 1-желтоқсан еліміздегі атаулы күндердің біріне айналып, міне соңғы тоғыз жылдан бері Елбасы күні ретінде тойланып келеді.

11

Салтанатты іс-шараға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы басқармасы мен 5517 әскери бөлімнің жеке құрамы, әскер ардагерлері, облыс пен қаланың өзара іс-қимыл құрылымдарының басшылары қатысты.

Алғашқы құттықтау сөз алған "Батыс" өңірлік қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Қайрат Умбетов, жеке құрамды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, жүрек жарды лебіздерін айтты.

10

-Құрметті әріптестер! Сіздерді мемлекеттік мереке–Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күні біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мақсаттарына қол жеткізудегі стратегиялық таланты, даналығы мен көрегендігі, табандылығының арқасында мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихы басталғанын ерекше мақтанышпен түсінеміз. Бүгінде біздің елімізді бүкіл әлем бейбітшіл және гүлденген мемлекет ретінде біледі. Бұл жетістіктер біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тығыз байланысты екені сөзсіз. Біз жаңа тәуелсіз Қазақстанды құруға қатысқанымызды, ұлы замандас дәуірінде өмір сүріп, қызмет ететінімізді мақтан тұтамыз, -деп атап өтті Қайрат Жарылқасынұлы, - өз сөзінде.

Одан кейін "Батыс" өңірлік тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы полковник  Ерден Балғымбаев  құттықтау сөз сөйлеп, өз баяндамасында тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттің негізін қалаушы және Ұлт көшбасшысы болған еліміздің Тұңғыш Президенті-Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі мен қалыптасуына қосқан үлесіне ерекше назар аударды.

12

Іс-шара барысында ішкі істер Министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас Қолбасшысының және "Батыс" өңірлік қолбасшысының бұйрықтарымен бірқатар әскери қызметшілер төсбелгілермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты шара мерелік концерттік бағдарламаға  ұласты.

Подполковник Ерболат Сұлтанов,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале