Оралда жаңадан 50 ашық аялдама павильонын орнату басталып кетті. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің instagram парақшасында хабарланды.

Бұл аялдама павильондары бірінші кезекте қалада жаңадан салынған шағынаудандарға орнатылып жатыр. Сонымен қатар аялдамалар тұрғындар сұранысына сай белгіленген мекен жайларға орнатылады.

Қаладағы өзге де аялдамаларға ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, қала аумағында жалпы — 357 аялдама павильоны бар.