7.04.2023, 18:05
Оқылды: 10

Оралда жас төтеншеліктер ант қабылдады

Бүгін шаһардағы Жеңіс алаңында қалалық өртке қарсы қызмет гарнизонының жеке құрамында саптық байқау және жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті.

7B7DB266-F8C3-4C18-BFF3-FF1AF22897F4

Салтанатты шараға БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов, өртке қарсы қызмет органының ардагерлері Серік Құсайнов пен Ермекқали Машанов, департаменттің қызметкерлері қатысты.

EFF1F112-7083-46E1-8671-F5685B3F2823

– Облыста дәл қазір БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен, соның ішінде жас қызметкерлердің қатысуымен жазғы киімге көшу аясында саптық байқау жүргізілуде. Сонымен қатар бүгін азаматтық қорғау органдарына қызметке орналысып жатқан жас қызметкерлер ант қабылдады. Яғни, облыстағы өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамы толықтырылуда. Өздеріңіз білесіздер, біздің құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жылдың төрт мезгілінде де әртүрлі қиын жағдайларда өз қызметтерін атқарады, - деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.

B9DE8664-A001-476F-958F-237607090984

Айта кетейік, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызметі гарнизонының жеке құрамыны қызметкерлерінің қатары 21 азаматқа толықты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале