Бүгін Орал қаласында Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Аталған орталықтың ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысып, қызмет барысымен танысты.
Жастар ресурсы орталығының басшысы Мержан Әбілқастың мәлімдеуінше, орталыққа келген жастар бірқатар қолдауларға ие бола алады. Мәселен, жұмысқа орналасу бойынша кеңестер алып, өз кәсібін ашудың тиімді жолдарын біле алады. Алдағы уақытта орталық қызметкерлері жастар көп жиналатын жерлерге шығып қызмет көрсетуді де жоспарлап отыр. Жаңа орталықта әзірге төрт кеңесші маман қызмет етуде. Алайда жастарды мазалайтын сауалдарға байланысты қызметкерлер саны да ұлғайтылмақ. Ғабидолла Абдоллаұлы орталықтың қызметіне оң бағасын берді. Сонымен қатар аудан әкімдерінің орынбасарларына аудандарында жастарға қызмет көрсету орталығын ашуды тапсырды.
Айым Төлеуғали
zhaikpress.kz