Дәл қазір қаланың жаңа бөлігі – 10-шағынаудан аумағында «Жасыл желек» экологиялық акциясы өтуде.
Акция барысында шағынаудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылуда.
Экологиялық акцияға өңір басшысы Нариман Төреғалиев, жергілікті жастар ұйымдары өкілдері, ЖОО және колледждердің студенттері, мемлекеттік қызметшілер, «Жасыл ел» еңбек жасақтары сарбаздары, еріктілер мен белсенді жастар қатысуда.
Шағынаудан аумағында сүмбіл терек, сирень, шетен ағаштарының 300-ге жуық көшеттері егілуде.
Жаңа шағынауданға отырғызылған көшеттерді коммуналдық қызмет күтіп-ұстайтын болады.
Айта кетейік, акция сәуір айының 8 және 15 күндері аралығында қаладағы ағаш отырғызу және ағаштың діңгектерін ақтау апталығы аясында өтуде.
zhaikpress.kz