17.07.2018, 14:19
Оқылды: 28

Оралдағы қалалық саябақта суға кетіп қала жаздаған адам құтқарылды

utonul-chelovekҚырағылық танытқан «БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ құтқарушылары 2018 жылдың 16 шілдесінде адам өмірін сақтап қалды.


Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы А.Қожанбаеваның айтуынша, құтқарушылар қалалық мәдениет және демалыс саябағында батып кете жаздаған адамды судан алып шыққан.

-Кезекшілік кезінде суға кетіп бара жатқан ер адамды байқап қалып, көп ойланбастан жанына жүзіп бардық. Жүзуге әлі қалмаған жігіт су бетінде қалқып қана жатыр екен. Оның үстіне көп мөлшерде су жұтып қойғандығы, тоңғаннан терісі құс еттеніп кеткендігі анық байқалды. Оны тездетіп қайыққа салып, жағаға жеткіздік те, тиісті көмек көрсеткен соң, «жедел жәрдем» бригадасына тапсырдық, - дейді сол күні құтқару бекетінде кезекшілікте тұрған бас құтқарушы Денис Бобарико.

Құтқарушылар су айдындарындағы қарапайым ережелерді тағы бір мәрте еске салады:

-Тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат өткеннен кейін ғана суға шомылуға болады.

-Таныс емес жерлерде сүңгуге болмайды.

-Суға қайықтардан және басқа да жүзу құралдарынан секіруге болмайды.

-Арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылу керек.

-Қауіпсіз аймақты белгілеп тұрған белгілерден асып және жағадан алысқа шомылуға болмайды.

-Қайықтарға, баржаларға және кемелерге жақын жүзуге болмайды.

-Күнге қатты қыздырылғаннан немесе дененің бүршіктер пайда болып салқындағанынанкейін суға шомылуға болмайды.

-Суға алкогольдік ішімдік ішкен күйде мүлдем түсуге болмайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале