1.11.2023, 14:35
Оқылды: 52

Оралдағы мешіттен күмәнді сөмке табылды

Осыған дейін орталық базар аумағындағы мешіттің маңайын полиция қоршап тастағандығын, тұрғындар мен көлік қозғалысына тыйым салынғандығын хабарлаған болатынбыз.

ЖП полиция базар

Бүгін түскі уақытта Оралдағы «Азиза» сауда үйінің маңайын полиция қоршап тастады.

Белгілі болғандай Орал қалалық мешітінен белгісіз сөмке табылды. Күмәнді сөмке үшін полиция жасағы дереу маңайды қоршаған. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Бүгін 12:30 шамасында 102 телефонына мешітте сөмке табылғаны туралы хабар түсті. Дереу мешіт пен сол маңдағы орындар қоршауға алынды. Оқиға орнына жедел түрде полиция, саперлер және арнайы иттері бар кинологтар жіберілді. Тексеру кезінде сөмкеде жеке заттар бар екендігі анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале