4.04.2023, 14:46
Оқылды: 10

Оралдық 35 жігіт әскерге аттанды

Бүгін Орал қаласындағы Жеңіс алаңында жас жігіттерді әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Шараға әскерилер, сала ардагерлері және ата-аналар қатысты.

176788AE-C73C-4556-B812-A5AABCFB651E

Жиында сөз алған Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов сарбаздарға ақжол тіледі.

«Жыл сайын көктем, күз айларында жас сарбаздарды әскерге шақыру науқаны жүреді. Міне, бүгін алдымызда облыстың жас жігіттері әскер қатарына аттанғалы тұр. Әскерге барғалы тұрған жігіттерге тілеріміз, абыроймен өз міндеттеріңізді атқарып, елге аман-есен оралыңыздар. Мықты рух, денсаулық тілейміз. Еліміздің әскері мықты ел болуына үлестеріңізді қосасыздар деп сенеміз», - деді ол.

Көктемгі әскерге шақыру аясында өңірден 35 жас азамат мерзімді әскери қызметке аттанбақ.

D0961441-1460-43B2-A93E-B4C2B0458E16

«Бүгінгі әскерге аттанғалы тұрған жігіттер қарулы күштердің бірінші командасы болып саналады. Қазір Қонаев қаласына аттанғалы тұр. Бұл – аэроұтқыр әскерлерінің бірі. Азаматтар әскери борыштарын өз еріктерімен өтеуге ынталанып келді. Жігіттердің арасында академиялық демалыс алып бара жатқан студенттер де бар, яғни өз еріктерімен әскерге бара жатыр. Бүгін жігіттердің алдыңғы қатары Қапшағайға аттанса, алдағы уақытта екінші топ Ақтау қаласына, үшінші топ Атырау қаласына барады», - деді БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы Альберт Бекмұханов.

6B8F80C0-8FA2-42C0-B081-6CD962A578F1

D1B420A8-1259-4C0A-AB96-326E921B11CF

70582E43-ABF5-43F1-851F-90F6E5D688D2
D37EE2FA-24F0-4EDC-BF1B-6156A8DD7125
C69E7232-B0BA-4A08-ACEB-595F709A97C9

D6C67D1D-DAC8-4DD8-9B27-AF6F570F050C

140F6B91-FC45-4890-9E58-E624ADC108F2

63F735E9-66D8-4BB3-A192-3E8C7A71EC30

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып бара жатқан жігіттерге бізде сәттілік тілейміз.

Гүлмира Сәрсенғали,

Суреттерді түсірген автор
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале