18.04.2023, 12:59
Оқылды: 105

Оралға 200 мыңға жуық турист келген

Оралда Борлы тау етегіндегі шағын шатқалға бармаған адам қалмаған шығар, сірә! Instagram мен Тik-Tok желісінде контент жасау үшін жастар сол Борлы тау ауданына қарай ағылып жатыр. Тіпті Атырау, Ақтау, Ақтөбеден арнайы осы сұлулықты көру үшін келгендер де бар.

0B7D724D-B752-4F5C-80A9-CC1B8C0FDBE7

Суреттерді түсірген: Гүлмира Сарсенғалиева

Бізде сол жерді барып, көзімізбен көріп келдік. Шағын ғана шатқалдың сұлулығы алыстан көзді арбайды. Адам қарасы көп, дені жастар. Біз бір-екеуін әңгімеге тарттық.

«Бұл жер қазір трендте. Бәрі Тik-Tok-қа видео салу үшін келеді. Біз де бүгін достарымызбен келдік. Оралдың осындай әдемі жерлері туралы көбірек айтып, насихаттауымыз керек», - дейді жастар.
Иә, шынымен өте әдемі жер. Мальдив аралдарына ұқсайтын әдемі жерді жастар өздері-ақ насихаттап жатыр. Әлеуметтік желіден көрген көрші облыстардан туристер келіп, олар да Оралдың сұлулығын көріп, тамсанып жүр.

CF1CB1A0-56CB-499B-BCE8-D7EB43882DAA

Турист демекші БҚО кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының туризм және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі 2021 жылы – 76,2 мың, 2022 жылы – 101,3 мың турист біздің облысқа кіргенін айтып отыр.

Ал 2022 жылы туризм саласына 15,8 млн теңге қаржы бөлінген.

Өңірге туристерді көптеп тарту мақсатында біраз жұмыстар жасалынып жатыр. БҚО кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының басшысы ол туралы былай дейді.
- Облыс бойынша туризімді дамыту бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтсақ, www.visit-uralsk.kz ақпараттық сайт, «Облыс туризмінің интерактивті 3D картасы» ұйымдастырылды. Аймақтағы туризмді дамыту мүмкіндіктерін көрсету, сондай-ақ туристік әлеуетті зерттеу үшін 27-ден астам туристік маршрут дайындалды.

0F4AC448-6C56-4279-B670-0EF4F53CD6A7

Атап айтқанда, Бөкей хандығына Экскурсия, Жұмбақ Ешкі тау, ең кіші сарқырама, «Ақжайық», Шыңғырлау ауданына Джип тур, қорықты Теректі, Дала көлі, БҚО киелі нысандары және басқалары. Туристік маршруттар тізілімі туралы қосымша ақпарат www.visit-uralsk.kz. сайтында орналастырылған, - деп атап өтті басқарма басшысы Жұмакелді Батырниязов.

Аймақта туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген жандардың бірі - Айболат Құрымбаев. Біз Айболат Шамұратұлын әңгімеге тарттық. Сонымен біздің облыста туризмді дамыту үшін не істеу керек?

D12F19BA-2752-4DD3-8A4B-6DB882AA964D
– Туризмді дамыту үшін жол картасы керек, жоспар керек, оған жауапты басқармалар бекітіліп, қажетті қаржылар бөлінуі керек. Қазір біздің облыс туризмге ақшаны ең аз бөліп отырған аймақ. Мәселен, Атырау 50 миллиондай, Маңғыстау 900 миллиондай қаржы бөліп отыр. Біздің облыс -  15 миллион шамасында қаржы бөліп отыр. Көрші облыстарда туризм басқармасы бар. Бізде тек бөлім. Ол жерде тек үш адам жұмыс істейді. Олардың қолында қаржы да жоқ. Жан-жақты, кешенді жоспар болмағасын олар не істей алады? Бізде туризмді дамыту үшін алдымен, Орал қаласынан туристік ақпарат беру орталығын ашу керек. Олар барлық облыс бойынша баруға болатын әдемі орындар туралы ақпарат таратып, түрлі шаралар өткізіп, маршурттарын сызып, халықты ақпартандырумен айналысу керек. Біздің облыстың басшыларында туризм үлкен қаржы әкеледі дегенге сенім жоқ. Олар сенбейді, өздері дұрыс түсінбейді. Біз үлкен бес елмен шекаралас тұрмыз. Үстімізден қанша турист өтеді.

3B39B440-328E-4B38-AD00-BE72DC368BF8

Олар бізге тоқтамайды. Неге? Себебі жарнама жоқ, жұмыс жоқ. Шалқар, Хан ордасы секілді ірі нысандардың бөлек бағдарламасы болуы керек. Біз үстімізден өтетін әр туристті өзімізде ұстап қалу үшін жағдай жасауымыз керек, - дейді Батыс Қазақстан туристік қауымдастығы Заңы тұлғалар бірлестігінің директоры Айболат Құрымбаев.

Біздің облыстың табиғаты да, тарихи орындары да баршылық.

Турист тартуға мүмкіндігі мол аймақ. Тек біздегі жол сапасы әзірге көп нәрсеге тұсау болып тұр.

4B0C81D7-47DD-43BB-A586-0F24C1FEA286

4427520A-D238-4430-8795-D3F13362E393

A0133A54-2F3F-4E45-8CDE-A60ED1FF16C2

8E00AB78-CB62-4161-A339-9001F4DA8974

F2D4340F-97DE-490F-947E-5882EAB4149A
82069550-67F9-4599-993E-3EBB09996A37

75BC206B-D20C-4D90-86D9-9CDCAF5E2201

43E2D8FA-90E3-4B66-A39D-0311DACC1B77
50FC06CC-0310-4C0D-86A8-17395F58867F

2C659377-E040-4CEE-9D76-EEA84BA9A411

82FC29A1-6D95-4EE9-A620-099F9DB21C0B

86CF4E60-A500-4E7B-A31E-4832F3C72517
9694B590-9869-4F22-90AE-C7723440F049

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале