23.01.2023, 15:45
Оқылды: 36

Пәкістанда 220 млн адам электр жарығынсыз отыр

Дүйсенбі күні таңертең Пәкістандағы электр желілеріндегі үлкен апаттан бүкіл елде жарық өшкен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Пәкістан Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

2

Министрлік дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:34-те елдің ұлттық желісі электр желілерінің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты істен шыққанын, «электр желісінде кең ауқымды ақау туғанын» хабарлады.

«Жүйеге техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүріп жатыр» делінген хабарламада.

Ел астанасы Исламабадта, оңтүстіктегі Карачи порт қаласында, елдің шығысындағы Лахор қаласында және Пешавардың солтүстігінде жарық өшкен.

Электр қуатының үзілуінен шамамен 220 миллион адам жарықсыз отыр, деп хабарлайды ANI.

Quetta Electric Supply Company (QESCO) мәліметі бойынша Гуддудан Кветтаға дейін екі электр желісі ажыраған. Компания Белуджистанның 22 ауданында, соның ішінде Кветтада электр қуаты болмайтынын айтқан.

Солтүстік Пәкістанның Балучистан провинциясында ауруханаларда, базарларда және үйлерде электр қуаты үзілген.

Кейінірек Энергетика министрлігі Исламабад астанасы мен Пешавар қаласында «желілердің шектеулі саны» қалпына келгенін хабарлады.

Ел экономикасы көптеген мәселемен, соның ішінде ауыр энергетикалық дағдарыспен күресті жалғастырып жатыр.

Пәкістанның сұранысты қанағаттандыру үшін белгіленген қуаты жеткілікті, бірақ өзінің мұнай электр стансаларын пайдалануға ресурсы жетпейді, деп хабарлады AlArabiya.

Пәкістан үкіметі осы айдың басында энергия үнемдеудің жаңа жоспарын жариялады.

Премьер-Министр Шехбаз Шариф барлық федералды ведомстволарға энергия тұтынуды 30%-ға қысқартуды, ал оның үкіметі бүкіл базарларды 20:30-да, ал мейрамханаларды 22:00-де жабуды бұйырды.

 

Фото: twitter.com/ani_digital

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале