17.02.2024, 11:00
Оқылды: 28

Полиция қызметкерлері Ақсайда қызға шабуыл жасаған адамды ұстады

Қаңтар айының соңында Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында белгісіз біреу қызды бұзақылық ниетпен ұрып-соғып, оқиға орнынан бой тасалаған болатын. Полиция қызметкерлерінің белсенді әрекеттерінің нәтижесінде қылмысқа күдіктінің кім екенін анықталды. Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды БҚО ПД-нің баспасөз қызметі. 

IMG-20240216-WA0080

Қылмысты ашу үшін есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, ішкі істер бөліміне күдіктіге ұқсас 38 тұлға жеткізілді.

Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, бейнебақылау жүйелердің көмегімен шабуылдаушының жүру жолы анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале