Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, - деп жазады akorda.kz.

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді.
Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.
