21.09.2023, 19:48
Оқылды: 50

Прокуратура органдарында жолданымдарды қараудың тәртібі

Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын жан-жақты, сапалы қарау, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру прокурорлар жұмысының басты басымдықтарының бірі болып табылады.

прокуратура

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары жолданымдарды:

- физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың, кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобының мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;

- тұлғалардың мүдделерін қорғауды құзыретіне жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда;

- жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу, мемлекеттік және өзге де ұйымдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша;

- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына және ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерді болғызбау мақсатында;

- Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша қарайды.

Прокуратура органдарының құзыретіне сонымен қатар қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, қылмыстық-атқару, әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасымен, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі салаларындағы, заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамада белгіленген тәртіпте жолданымдарды қарау жатады.

Жолданым Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда (жолданымда жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы, мәні, берілген күні, арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы, заңнамамамен көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі) арыз иесіне оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді.

Жолданым талаптарға сәйкес келтірілмеген болса, онда ондай жолданым арыз иесіне қайтарылады. Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.

Иесі бүркемеленген жолданымдар, егер оларда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не ұлттық, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда, қарауға жатпайды.

Прокуратура органдарына түсетін жолданымдар қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қаралады.

Бұл ретте прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды. Сол себепті қаралуы прокуратура органының құзыретіне кірмейтін жолданымдар, ол туралы бір мезгілде арыз иесін хабарландыра отырып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Жолданымды қарау нәтижелері бойынша арыз иесіне дәлелді жазбаша жауап беріледі.

Жолданымды қараудың нәтижелерімен келіспеген ретте арыз иесі жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

Ж.Имангалиева,

Облыс прокурорының аға көмекшісі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале