2.04.2021, 17:41
Оқылды: 221

Республикалық форумда батысқазақстандық оқушылар жүлдегер атанды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту мақсатында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы өтті.

 рес1

Форум «Осындай мамандық бар» (Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы), «Мамандықты таңдайтын уақыт» (видеовлогтар байқауы), «Мен – мамандықтар әлемінде» (әдеби байқау), «Мамандық кеше, бүгін, ертең» (вайндар байқауы) сынды аталмымдарды қамтыды.

рес2

«Осындай мамандық бар» аталымы бойынша Ғадылбек Әдемі (облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы), Жанар Муратова (облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы) І орын иеленсе, «Мамандықты таңдайтын уақыт» аталымы бойынша Зарина Ахетова (Теректі ауданы Шаған ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы) І орын, «Мен – мамандықтар әлемінде» аталымы бойынша Вероника Бердник (Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №5 ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы), «Мамандық кеше, бүгін, ертең» аталымы бойынша Дамиля Зейнолла (Жәнібек ауданы Е.Ниетқалиев атындағы ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы), Ильнара Салимгереева (облыстық дарынды балаларға арналған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы) ІІ орынды иеленді.

Барлық республикалық кезеңнің жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар иеленді.

Жалпы командалық есепте Батыс Қазақстан облысы І орынға ие болды.

Батыс Қазақстан облыстық

білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале