Орал қаласының тұрғындары үшін 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы ақпарат беретін бірыңғай Call-орталық іске қосылды.
Call-орталық халықты ақпараттандыру және қала тұрғындарына сайлау мәселелері бойынша кеңестер беру әрі дауыс беру процесіне тарту үшін құрылған.
Бірыңғай Саll орталыққа +7 (7112) 50-02-55 немесе +7 (7112) 50-30-53 телефоны бойынша хабарласып, өзіңізді республикалық сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінен тексеруге, сондай-ақ өз учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болады.
Қоңырау шалу барысында Call-орталықтың операторлары азаматтардың мүмкіндіктеріне, дауыс беру рәсімдеріне және сайлау күніндегі учаскелердің жұмысына қатысты барлық заңнамалық нормаларды түсіндіреді.
Call-орталық қоңырауларды дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қабылдайды.
Сонымен қатар мәліметті 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тәулік бойы алуға болады.
Бұдан бөлек, аталған бағытта WhatsApp желісі (+7 700 010 91 09, + 7 705 813 61 98), Орал қаласы әкімдігінің сайты (uralsk.gov.kz), Smart Uralsk мобильдік қосымшасы және Telegram-бот (@BQO_sailau_bot) жұмыс жасайды.
Орал қаласының әкімдігі