25.01.2022, 11:20
Оқылды: 62

"Самұрық-Қазына" шетелдік төрт өкілдігін жабады

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры төрт елдегі өкілдігін жабады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

BB3AC3D3-5E0C-47A0-BD2F-CFD9D9BC8963

Қордың Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры Марат Мұхамедсалиевтің айтуынша, сөз төрт қала туралы - Дубай, Лондон, Бейжің және Мәскеу.

Айта кетейік, "Самұрық-Қазына" қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілгені хабарланған болатын. Оған сай қор қызметкерлері саны екі есеге қысқаратыны белгілі болды. Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының төрт еншілес компания басшыларының өкілеттігі тоқтатылды.

21 қаңтарда Нұр-Сұлтанда өткен кәсіпкерлермен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалау қажет екенін айтқан болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале