Бүгін сағат түнгі 01:00 уақыт шамасында Зашаған кентіндегі Джанекешев көшесінде екі адамның бірге ішімдік ішу барысында өзара жанжал болған. 1991 жылғы азамат алған пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Фотоның дереккөзі: kaz.nur.kz
Осы іске күдікті 1989 және 1981 жылғы екі адам полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша тергеу амалдары басталды.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі