29.01.2023, 21:54
Оқылды: 136

Тергеу амалдары басталды

Бүгін сағат түнгі 01:00 уақыт шамасында Зашаған кентіндегі Джанекешев көшесінде екі адамның бірге ішімдік ішу барысында өзара жанжал болған. 1991 жылғы азамат алған пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

648d4ea720d5d67b

Фотоның дереккөзі: kaz.nur.kz

Осы іске күдікті 1989 және 1981 жылғы екі адам полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша тергеу амалдары басталды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале