1.12.2023, 18:00
Оқылды: 123

Ұлттық ұланның әскер қатарына сарбаздардың алғашқы легі келді

 

Елімізде әскери борышын өтеп келген жастарға әлеуметтік жеңілдік көрсетілетінін және қолына қару ұстап, тәртіптің қыр-сырына көндіккен жастарға жұмыс берушілердің қатары көп екенін білеміз. Оның үстіне отан алдындағы борышын өтеп келген сарбаздарға жоғары оқу орындарына түсуге жеңілдіктер қарастырылып және бұған қатысты тиісті бағдарламалар да дайындалған. Сөзімізге дәлел ретінде күні кеше ғана әскер қатарына күзде шақырылған сарбаздар үшін 1500 грант бөлінді. Соның 700-ден астамы Қорғаныс министрлігі, 600-ден астамы Ұлттық ұлан, қалғаны Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Төтенше жағдайлар министрлігінің жауынгерлеріне табысталды.

bee9ccf1-ae1f-4066-b4ac-6a9d8a6952c5

Елімізде 2023 жылдың күзгі шақырылым науқаны басталды. Жоғарыда айтылған әлеуметтік көмекті естіген еліміздің жастары әскерге құлшынып өз еркімен келіп жатыр. Бүгінде Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 (Ақтөбе қаласы) мен 5517 (Орал қаласы) әскери бөлімдеріне Отан алдындағы борышын атқаруға жас сарбаздардың алғашқы легі келді.

Әскери бөлім аумағына жаңадан келген сарбаздарды әскери бөлім жеке құрамы жылы қарсы алды. Саптық алаңда болашақ ұландарды бөлім командирі қарсы алып, амандық-саулық сұрасып, әскери бөлімнің атқаратын міндеттері және бөлімнің құрылу тарихымен таныстырып өтті.

c2669e6f-7de4-4977-8cdc-1e1ade23ebc5

Ұлттық ұлан әскер қатарында әскерге жаңадан келген сарбаздарды әскердің алғашқы күндері әскери өмірге бейімделуге үйретеді. Ол үшін әскери психолог мамандар әскерге келген әр сарбазбен жеке әңгімелесіп, жан-жақты зерделеп, психологиялық тест өткізіп, әрі қарай әскери өмірдің қыр-сырын үйрету мақсатында взвод командирлеріне табыстайды. Сарбазды зерделеу кезінде басты назар білім деңгейіне, мамандығының бар болуына, іскерлік және сипаттамалық қасиетеріне аударылады.

Жоспарға сәйкес жаңадан келген сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтіп, әскери өмірге бейімделеді. Жас сарбаздарды әскери қызметке таңдаулы және кәсіби дайындығы жоғары офицерлер мен сержанттар дайындайды.

accfc4f7-3041-43af-942b-36b673b4d063

Бір ай ішінде болашақ ұландықтар мемлекеттік-құқықтық, саптық дайындық, жалпы әскери жарғы, күн тәртібін жаттап білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар жауынгерлік қызметке түсу дағдыларын ату дайындық тәсілдерін, әскери техникалар мен атыс қаруларын меңгереді. Сол бір ай ішінде алдағы болатын әскери ант қабылдау рәсіміне дайындалады. Осы тұста сарбаздар әскери ант мәтінін жаттап, саптық шерумен орындалатын әндерді айтып жаттығады.

- Әскери бөлімде жас сарбаздардың келуіне барлық жағдай жасалып, оқу пункті құрылды. Бір ай ішінде болашақ ұландықтар жалпы әскери жарғы, мемлекеттік құқықтық дайындық және жауынгерлік дайындық сабағы бойынша білім алады. Сонымен қатар жас сарбаздар өздеріне қолданысқа берілетін әскери техникалармен, қару-жарақ және басқа да әскери құралдармен танысып, оларды дұрыс қолдану тәсілін үйренеді. Оқу пунктінің соңына қарай психолог мамандарының көмегімен сарбаздардың моральдық психологиялық жай-күйін зерделей отырып, оларды жауынгерлік қызмет атқаратын бөліністерге жібереміз дейді, – оқу пунктінің бастығы майор Дәурен Рахимбеков.

- Әскери борыштарын өтеуге келген сарбаздар өздерінің бір жыл қызметі барысында нағыз шыңдалған ер азамат болып шығатындарына сенімді. Борышымды өтеуге Алматы қаласынан келдім. Бізді әскери бөлім ұжымы жылы қарсы алды. Алғашқы күннен бастап әскери өмір маған ұнап жатыр. Барлық қатарлас досымды Отан алдындағы борыштарын атқаруға шақырамын деді, – жас сарбаз Нұрбек Жалғасбеков.

Ертуған Әубәкір,

капитан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале