24.06.2021, 16:22
Оқылды: 295

Ұлттық ұланның Батыс өңірі жас сардарлармен толықты

Оралда Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығы басқармасының базасында жоғары әскери оқу орнын 2021 жылы тәмамдаған жас офицерлердің үш күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті.

????????????????????????????????????

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, сондай-ақ Ресей Федерациясының Әскери институтында оқуын аяқтаған 42 жас лейтенантпен толықты. Ендігі кезекте олар еліміздің батыс өңірінде Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен және Орал қалаларында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінде қызмет ететін болады.

Алғашқы күні қалыптасқан тәртіп бойынша жиынды "Батыс" өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Павел Ситников саптық тексерістен  бастады. Одан  кейін әскери  бөлімнің  мәжіліс залында жас  офицерлер қолбасшылықтың басшыларымен кездесіп, өздерін толғандырып жүрген  сауалдарға жауап алды.

Өз кезегінде жиынға қатысушылармен кездескен «Батыс» өңірлік  қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев биылғы бес айдың қорытындылары, әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігі туралы әңгімелеп берді.

E3137BC3-2129-4324-9157-61158C1D942F

Жиын жетекшілері үш күн бойы жас офицерлермен басшылық құжаттардың негізгі талаптарын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді, сондай-ақ түзеу мекемелерін күзетуге және қоғамдық тәртіпті қадағалауға  түсетін бөлімшелердің жеке құрамымен өткізілетін әдістемелік сабақтардың тәртібі көрсетіліп, атыс, тактикалық, дене шынықтыру дайындықтары бойынша сабақтар ұйымдастырылды.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының тәрбие құрылымы басқармасы ұйымдастырған мәдени-демалыс бағдарламасы әсерлі болды, офицерлер Батыс Қазақстан облысының өлкетану мұражайында, сондай-ақ Орал қаласының тарихи орталығында және басқа да көрнекті орындарында болды.

Қорытынды жиында «Батыс» өңірлік  қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев тәртіптілікті күшейту мәселелеріне ерекше тоқталып, жас командирлердің алдына нақты тапсырмалар қойды.

Ерболат Сұлтанов,

подполковник

 

 

 

.

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале