13.08.2021, 16:04
Оқылды: 439

Үздік үштіктен көрінді

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері cалалық кәсіподақ кеңесінің арнайы отырысында онлайн режимінде «Күшті бастауыш – мықты кәсіподақ» республикалық байқаудың 2-ші кезеңінің қорытындысы белгілі болды.

WhatsApp Image 2021-08-13 at 16.02.30

Нәтижесінде «Саланың үздік филиалы» аталымы бойынша Батыс Қазақстан облысы мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымы үздік үштіктен көрініп, 2-орынға ие болды. «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» аталымы бойынша «Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ (Батыс Қазақстан облыстық филиалы) үздік болып танылды.

Сондай-ақ «Үздік жастар көшбасшысы» аталымы бойынша үздіктер арасында марапатталды:

- Мария Васильевна Сапрыкина Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының 1-ші санатты кітапханашысы, Орал қ.;

- Аида Талгатовна Шынжирова – сектор меңгерушісі, “Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің “Жастар мәдениет үйі” МКҚК секторы, «Салтанат сарайы».

Барлық номинациялар бойынша жеңімпаздар байқаудың арнайы дипломдарымен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздар мен олардың кәсіби және кәсіподақ жетістіктері туралы барлық ақпарат саланың және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ақпараттық ресурстарында жарияланатын болады.

 

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале