2.09.2019, 12:05
Оқылды: 138

«Халық» қайырымдылық қоры «Мектепке жол» акциясына 8,5 млн. теңге бөлді

«Мектепке жол» республикалық акциясының аясында көп балалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан 600-ге жуық бірінші сынып оқушысы «Халық» қайырымдылық қорының және Halyk Bank-тің көмегімен дайындалған сөмкелермен және оқу құралдарымен мектеп табалдырығын аттады.

HALY-5-768x513

Акция ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) бастамасымен өткізіледі. Halyk Bank әдетте «Халық» қайырымдылық қоры арқылы қолдау көрсетеді. Биыл мектеп жинағын сатып алуға 8,5 млн. теңгеден аса ақша бөлінді.

«Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев: «Мектеп табалдырығын аттау – баланың бүкіл өміріне естелік болып қалатын ұмытылмас оқиға, – деп атап өтті. – Өмірдің осы сәті барынша жарқын, естен кетпейтіндей қызық болып өткені маңызды. Сондықтан Halyk Bank «Халық» қайырымдылық қоры арқылы соңғы төрт жыл ағымында 43,5 млн. теңге бөлумен қатар көп балалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан 3,5 мың баланы мектепке дайындады».

мектеп

Сөмкелерден және керекті кеңсе тауарларынан (дәптерлер, қаламдар, қаламсаптар және т.б.) тұратын Halyk Bankтің және «Халық» қайырымдылық қорының мектеп жинақтары жергілікті атқару органдары мен білім беру басқармалары берген тізімге сәйкес таратылады. «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясының мақсаты – оқу жылының алдындағы дайындық кезеңінде көп балалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорынан айырылған балаларға көмек көрсету.

«Халық» қайырымдылық қоры (Halyk Fund) – Halyk Bank-інің жанынан 2016 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт және білім беру салаларында қоғамдық маңызы бар іс-шараларды және әлеуметтік жобаларды іске асыру, жүйелік деңгейде қайырымдылық және демеушілік қызмет ету үшін құрылды.

 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 95 жылдан аса табысты жұмыс істеп келе жатқан және негізгі көрсеткіштер бойынша елде көш бастап келе жатқан Қазақстан Республикасының ірі коммерциялық банк. Банк өз клиенттеріне қызметтердің кең саласын (банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассация және т.б.) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Сонымен қатар Банк Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және жақыннан бастап Өзбекстанда өз операцияларын жүргізеді.

 

         «Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале