6.02.2023, 10:45
Оқылды: 44

Халық қатысатын бюджет: оралдықтар қаланы абаттандыруға қалай үлес қоса алады?

Орал қаласының тұрғындары биыл да көгалдандыру, жарықтандыру, балалар және спорт ойын алаңдарын салу, спорт және мәдениет объектілерін жөндеу, тротурар салу жұмыстарына қатысты жобаларын ұсына алады. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің instagram парақшасында жазылды.

IMG-20230206-WA0033

Ұсыныстарды қабылдау келесі санаттарға қатысты жүргізіледі:
- аумақты көгалдандыру;
- тротуар жайластыру;
- тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;
- жалпы пайдалану орындарын (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және басқа объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
- жиектерді, кеспетастарды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
- қоқыс тастайтын жерлерді жою;
- жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересек тұрғындардың демалысы үшін алаңдар, орындықтар, урналар, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;
- аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорт (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
- санитарияны қамтамасыз ету;
- спорт және мәдениет объектілерін жөндеу.
Жобалық ұсыныстар Орал қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында: http://uralsk.gov.kz 20 күнтізбелік күн ішінде (2023 жылғы 6 мен 26 ақпан аралығында) қабылданады.
Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
- бір өтінім - бір объект;
- ортақ пайдалану объектісі;
- қала тұрғындары үшін өзектілігі;
- бір бюджеттік жыл ішінде іске асыру мүмкіндігі;
- жобалық ұсынысты іске асыру әкімдіктің құзыреті шегінде болуы тиіс.
Жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімінің аяқталу қорытындысына қатысты сараптамалық кеңес 15 күнтізбелік күн ішінде (27 ақпан мен 13 наурыз аралығында) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және қала әкімдігінің ережесіне сәйкес келіп түскен өтінімдерді қала әкімдігінің оларды іске асырудың орындылығы мен құзыреттілігі тұрғысынан талдауды және техникалық тексеруді жүзеге асырады.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жобалық ұсынысқа дауыс беру үшін қала әкімдігі жобаларды ресми интернет-ресурста орналастырады.

Орал қаласының кәмелетке толған тұрғындары 20 күнтізбелік күн ішінде (14 наурыз - 2 сәуір аралығында) ұсынылған жобалық ұсыныстарына қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс бере алады.

Дауыс беру электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған кезде сайта авторизациялау арқылы жүзеге асады.
Орал қаласының бір тұрғыны әрбір жобалық ұсыныс бойынша бір ғана дауыс беруге құқылы.
Айта кетейік, 10-нан кем дауыс жинаған жобаны іске асыруға жол берілмейді.
Жобалық ұсыныстардың саны және әрбір жобалық ұсыныс бойынша дауыс берген азаматтардың саны туралы ақпарат, оларды іске асырудың мүмкіндігі мен орындалуы мәселелерін қарау үшін сараптамалық кеңеске ұсынылады.
Ұсынылған материалды қарауды сараптамалық кеңес 5 жұмыс күні ішінде (2023 жылғы 3 –7 сәуір аралығында) жүзеге асырып, оның нәтижелері бойынша тиісті қорытынды шығарылады.
Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде әкімдік өз құзыреті шегінде жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале