28.02.2023, 12:16
Оқылды: 38

«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі 20 күнге ұзартылды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі 20 күнге ұзартылды. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

90629220-9BCA-4E5A-B785-8029E43D16A6

«Ақпан айының басында «Халық қатысатын бюджет» жобасына ұсыныстарды қабылдау бойынша хабарландыру жариялаған болатынбыз.

Әлі жобаларыңызды жіберіп үлгермеген болсаңыз, онда мүмкіндігіңіз бар. «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі 20 күнге ұзартылды. Яғни, жобалық ұсыныстар 18 наурызға дейін қала әкімдігінің ресми сайтында қабылданады.

Қала тұрғындары бағдарлама аясында көгалдандыру, жарықтандыру, балалар және спорт ойын алаңдарын салу, спорт және мәдениет объектілерін жөндеу, тротурар салу жұмыстарына қатысты жобаларын ұсына алады.

Сүйікті шаһарымызды бірге көркейтуге атсалысып, жобалар ұсынып, белсенді болуға шақырамыз!», деп жазды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале