Бүгін – Дүниежүзілік сайлау күні. 2005 жылы Будапештте өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде ақпанның алғашқы бейсенбісі Сайлау күні болып белгіленген. Дәл осы күні Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні де атап өтіледі.
Жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аударып, олардың сайлаудағы белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында мемлекетімізде «Жас сайлаушылар» клубы құрылған еді.
Дәл қазір Оралдағы Жәңгір хан университетінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Сенің даусың маңызды!» атты Батыс Қазақстан облысы жастарының «Жас сайлаушылар» клубы мүшелерінің форумы басталды.
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясы мен облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға 700-ден астам жас қатысуда.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов сайлау маңыздылығы туралы айтуда.
Динара Тілекқызы,
Суреттерді түсірген: Аида Оразова
zhaikpress.kz