19.07.2022, 10:15
Оқылды: 104

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жасөспірімдер арасындағы түрлі қылмыстың алдын алу, әсіресе, білім ошақтарында оқушылар ортасында кездесетін кейбір келеңсіз әрекеттердің жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау, олардың осы бағыттағы сауаттылығын арттыру және балаларға қатысты қылмыстық қолсұғушылықтарды болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 15-31 шілдесі аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

5

Фото дереккөзі: qarmaqshy-tany.kz

Бұл іске педагогикалық ұжымдар, ата-аналар комитеттері, жалпы жұртшылық тартылып, кешенді іс-шаралар белгіленді. Сонымен бірге ішімдікке іші бұрып тұратын жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік пен темекі бұйымдарын сататындарды һәм жастолқынды қоғамға қайшы іс-әрекеттерге тартатындарды анықтау да негізгі міндеттердің бірі. Бұған қосамезгілсіз уақытта ата-ана бақылауынсыз тұрғынжайларынан тыс жүрген, алкогольдік ішімдік тұтынған,қару немесе шанышпалы-кесетін заттар алып жүргенкәмелетке толмағандар қырағы назарға алынып, ондай фактілер кездесіп жатса, тиісінше тәртіптік шара қолданылатын болады.

Айта кетелік, аталмыш іс-шара барысында «қолайсыз отбасыларды» нақтылау және оларды есепке қою, тәрбиесі қиын балалар оқитын мектептермен байланысты күшейту (мектепішілік есепке алу, «Тәуекел тобы») сияқты жұмыстар да назардан тыс қалмайды.

Бауыржан Махутұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале