17.07.2018, 17:43
Оқылды: 52

Жастарды жұмыс жәрмеңкесі күтеді  

zhastar20 шілдеде Орал қаласында ұйымдастырылатын «URALSK JOB FAIR - 2018» жәрмеңкесінің мақсаты – жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітірген түлектерді және жас мамандарды жұмысқа орналастыру. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.


Спикерлердің айтуынша, жәрмеңкеде облыс орталығы мен аудандардағы бос жұмыс орындары, «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» жобалары, баспана алу, бизнес ашу тетіктері туралы ақпарат беріледі, осы бағытта семинар-тренингтер ұйымдастырылады. Биылғы бірінші тоқсандағы«URALSK JOB FAIR» жәрмеңкесіне 50-ден астам жұмыс беруші қатысып, 500-дей бос жұмыс орнын ұсынған. Нәтижесінде 64 маман тұрақты жұмыспен қамтылып, студенттік құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтарына, «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша 200-ден астам жас жолдама алынған.

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошевтің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 136 мыңнан астам жас бар. Жұмыссыздық деңгейі төрт пайызды құрайды. Қазіргі кезде жұмыспен қамту органдарына 14 083 адам жолықса, соның ішіндегі 4526 жастың 2580-і жұмыссыз ретінде тіркелген. Бірінші жартыжылдықта облыста 1425 маман тұрақты жұмысқа орналастырылды. 155 жас әлеуметтік жұмыс орындарына, 562 жас қоғамдық жұмысқа тартылды. «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша 747 жас жолдама алды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 383 маман 246,7 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алды. 236 жас маманға 802 млн. теңге  көлемінде баспана алуға несие берілді. «Нұрлы жол» және әр түрлі құрылыс нысандарында еңбек жасақтарының 165 сарбазы еңбек етуде. Биыл жазғы уақытта жастардың демалысын тиімді өткізіп, қосымша қаржы табуын қамтамасыз ететін «Жасыл ел» бағдарламасы аясында маусымдық жұмыспен 1175  жасты қамтылмақ.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале