2020 жылдың 16 қыркүйегнде «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің, Орал қаласы әкімінің орынбасары М.Мүлкайдың қатысуымен қызметтік тұрғын үй беру және бөлу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды.
Бекітілген жоспарға сәйкес мониторинг барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ақпараты тыңдалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Н.Самет комиссия құрамына жұртшылық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін енгізу, тұрғын үй комиссиясының отырыстарын міндетті түрде аудио және бейне жазба жазу арқылы өткізу және қызметтік үйлерді беруден бас тартуды регламенттеу туралы Ережеге өзгерістер енгізу бойынша мәселеге бастамашылық жасауды ұсынды.