4.07.2016, 16:42
Оқылды: 48

Бөрлі ауданының әкімі ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берді.

 Бөрлі

Бөрлі

   Сауабы мол Қасиетті рамазан айында, мың түннен қадірлі Қадыр түні қарсаңында Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов  ауыз бекітіп, ораза ұстаған жамағатқа ауызашар берді.

   Қаламыздың «Ақсай» мейраманысанда жайылған дастарханға ардагерлер, дербес бөлім басшылары, кәсіпкерлер және тұрғындар қатысты.


   Алдымен Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов құран оқып, бата берді.  Дастархан басында аудан әкімі Алдияр Халелов көпшілікті Қасиетті рамазан айымен құттықтап, ауыз бекітіп, ораза ұстаған жамағаттың ниеттері қабыл болуы мен ел тыныштығын тіледі.

   Шарада қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхтар Бокаев, ақын Әсия Мұхитова, қала тұрғыны Әсима Шәкеновалар сөз сөйлеп, аудан әкімі Алдияр Халеловке алғыстарын білдірді.

www.zhaikpress.kz
Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале