23.11.2016, 12:21
Оқылды: 21

Турнир жеңімпаздары атанды

%d0%b6%d0%b5%d2%a3%d1%96%d0%bc%d0%bf%d0%b0%d0%b7%d0%b4%d0%b0%d1%80Таяуда Орал шаһарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен қалалық ашық турнир өтті. Оған Бөрлі, Қаратөбе, Тасқала, Сырым, Ақжайық, Жаңақала аудандары және Орал қаласынан палуандар қатысып, бақтарын сынады.

2 күнге созылған тартысқа толы турнирде жаңақалалық жас палуандардың асықтары алшысынан түсіп, жарқырай көрініп, жарыстың жеңімпаздары атанды.

Атап айтсақ, Замир Батыров жаттықтырған өрендер ішінен 38 келі салмақта белдескен Аухат Әділғалиев пен Рахат Замирұлы III орынды олжаласа, осы салмақта Жалғас Тілекқабылов II орынды еншіледі.

Ал, 42 келі салмақта сынға түскен Әділет Қапсиықов, 55 келі салмақта күрескен Нұрлан Жұмағұлов қанжығаларына алтынды бөктерді. Сонымен қатар, 55 келі салмақта Исламбек Ибрагимов II орынды місе тұтса, +66 келі салмақта Райымбек Жұмағұлов  III орынға иелік етті.

Сондай-ақ, қыздар арасынан 40 келі салмақта Ақжүніс Утеуова II орынды, 44 келі салмақта Әсем Бисенғалиева I орынды иеленді.

Алтынбек Ермекқалиев

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале