3.10.2016, 17:17
Оқылды: 19

Ұстаздар ұлықталды

%d1%83%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%b7-%d1%83%d0%bb%d1%8b%d0%baҰстаздар мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз мәртебесі – ел мерейі» атты салтанатты шара өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Төлеген Төреғалиев ұстаздар қауымын төл мерекесімен құттықтап, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай марапаттарын табыс етті.

«Қазақстан ұстаздары қоғамының» мүшелігінің медалімен және сертификатымен Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп мұғалімі Г.Тұржігітова, ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен Аралтөбе орта мектебінің  мұғалімі А.Қалиева, Сырым орта мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі С.Ақмамбетова, БҚО ішкі саясат басқармасының «Құрмет грамотасымен» М.Қаналиев атындағы мектеп-балабақша кешені ұжымы марапатталды. Аудан әкімінің алғыс хатына М.Есенов, Б.Қабасов, М.Жақсыгереевтер ие болды. Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылы шаңырақ құрып, ширек ғасыр бойы жас ұрпақты тәрбиелеу ісімен айналысып келетін отбасылар  – Жырақұдық орта мектебінен Жаймановтар, Қособа орта мектеп-балабақша кешінінен Бөпениязовтар, Бұлдырты орта мектебінен Мырзиевтер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ерғазиева 25 жыл еңбек өтілі бар ұстаздарды, аудандық білім беру саласы қызметкерлерінің  кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Төлегенова басқа да  бірқатар ұстаздарды марапаттады. Сондай-ақ, ұстаздар арасындағы Тәуелсіздік құрдастары да кәсіби мерекесіне орай сый-құрметке ие болды.

Салтанатты шара аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы ұйымдастырған мерекелік концертпен сабақтасты.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале