Бөрлі ауданының орталығы Ақсайда дене шынықтыру және спорт бөлімі «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені мен Бөрлі ауданының пауэрлифтинг федерациясының ұйымдастаруымен жастар жылына орай алып күштілер арасында «Толағай алыптар ойындары» атты күштік экстримнен ашық аудандық турнир өтті.
Турнирге Орал мен Ақсай қаласы, Қазталов ауданының орасан күш иелері қатысты. Сайыста 90 келіге дейінгі салмақта 5 атлет, 90 келіден жоғары салмақта 6 атлет өткен турнирдің мықтысын анықтады. Жарыстың шарттарына сәйкес қатысушылар 240 келілік ауыр техника дөңгелегін 20 метрге аударып апару, 70 және 90 келілік қос зіл темірді 30 метр қашықтыққа жеткізу, 40 және 50 келілік гантель құралын 1 минут ішінде көтеру, 150 және 200 келі салынған иінағаш тәрізді темір құралды иыққа қойып 30 метрге дейін жүрді. Тіпті 70 және 90 келілік темір бөренені 1 минут ішінде көтерді. Салмағы 125 және 165 келі болатын темірді көтеріп айналды. Ауырлығы 4 тонна 50 келіл автобусты 30 метрге сүйреді.
Жарыс қорытындысында 90 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды Эльшан Полчик (Ақсай ), екінші орынды Артем Попивнич (Ақсай ), үшінші орынды Ивандар Симоченко (Ақсай) еншілерді. Ал 90-нан жоғары Леонид Борисов (Ақсай) І орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орынға ақсайлық Вадим Симоченко мен қазталовтық Әділет Сәлімжанов тұрақтады.
Жүлдегерлерге диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер