17.08.2026, 16:45
Оқылды: 6

Ардагер ұстаздар Сарыөмірде бас қосты

Сарыөмір ауылында “Дара жол” жобасы аясында “Ұстаздың дара жолы-ұрпаққа өнеге” атты ардагер ұстаздардың семинары өтті.

768347948_18229997257316896_3368854593808338567_n

Аталған іс-шара ардагер ұстаздардың еңбегін насихаттау, олардың педагогикалық тәжірибесін дәріптеу, мектеп тарихымен таныстыру және рухани-танымдық орта қалыптастыру бағытында ұйымдастырылды.

771589865_18229997311316896_3672189467281254006_n

Кезінде білім ошағында балаларды білім нәрімен сусындатқан білікті ұстаздарға ақ дәм ұсынып, керемет көңіл күймен қарсы алды. Алдымен “Мектеп тарихы-тағылым мекені” атты кезеңінде мектеп мұражайымен, ондағы естеліктермен таныстырды. Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Индира Амертаева, аудандық ардагер ұстаздар төрайымы Гүлайым Асқарова қатысты. Ардагер ұстаздардың басын қосқан семинардың ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Темірболат Сағынгереев баршасына сәттілік тіледі.

-Құрметті семинарға қатысушылар, баршаңызға алғысымды білдіре отырып, осындай айтулы шараға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет айтамын. Бүгінгі семинар жоғары деңгейде өтіп, тағылымды шараға айналсын. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаздарға алғыс айтып, басымызды иеміз. Әрдайым жүзіңізден күлкі кетпей, дендеріңіз сау болсын. Семинар сәтімен өтсін”,-деген тілегін білдірді Темірболат Мұхитұлы.

772783099_18229997188316896_7767708592258294048_n

Семинар барысында “Еске түсірейік”, “Ұстаздық логика”, “ Мақалды жалғастыр”, “Мектеп тарихынан”, “ Суреттен таны” секілді педагогикалық QUIZ ұйымдастырылды. Сонымен қатар күн ұзағына созылған семинарда еркін пікір алмасулар мен тәжірибелермен бөлісу секілді кезеңдері де айтулы семинардың көрігін қыздыра түсті.

 

Т.Әнуарұлы

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале