19.04.2017, 10:33
Оқылды: 53

Ат спортынан сынға түсті

 Janibek at spoti   Жәнібек ауданында ұлттық ат спорты түрлерінен, атап айтқанда, аударыспақ, теңге ілу және көкпардан 2001-2003 жылдары туған жасөспірімдер мен ересектер арасында аудан чемпионаты өтті.


    Оған Тау ауылынан және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен барлығы отыз спортшы қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде аударыспақтан 50 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды А. Шагиров (Тау ауылы), екінші орынды А.Есқалиев, үшінші орынды Б.Сәлімов иеленді. 60 келі салмақта жүлделі орындарды М.Берікбаев, А.Жасымғалиев, А.Төлегенов, 70 келіде бірінші орынды М.Меңдіғалиев, екінші орынды Н.Зейнетоллаев (Тау ауылы), 80 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Е.Жұмабаев, екінші орынды Е.Ермек (Тау ауылы) иемденсе, теңге ілуден алғашқы үш орынға М.Берікбаев, М.Меңдіғалиев, А.Шагиров ие болды.

         Ал көкпардан жүлделі орындарды тиісінше БЖСМ-1, БЖСМ-2 және Тау ауылының командалары өзара бөлісті.

                                                       А. ЕСІРКЕПОВ
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале