28.10.2024, 22:00
Оқылды: 130

Бәйтерек ауданында медициналық мекемелерге санитарлық автокөліктер табысталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деген сөзі денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлудің маңыздылығын айқындайды. Осы бағытта Бәйтерек ауданында медициналық қызметтің қолжетімділігін және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

санитарлық аутокөліктер

Сөзімізге дәлел, Бәйтерек ауданының 85 жылдығына орай өткен мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев аудандық медициналық мекемелерді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған «Соболь» санитарлық автокөліктерінің кілтін табыстады. Бұл көліктер Бәйтерек ауданының № 2 ауруханасының Махамбет және Январцево дәрігерлік амбулаторияларына, сондай-ақ Макаров пен Сұлукөл медициналық пункттеріне берілді.

Автокөліктердің мемлекеттік номері мен сақтандыру полисі рәсімделіп, амбулаторияларға пайдалануға ұсынылды.

Бәйтерек ауданының № 2 ауруханасының бас медбикесі Анар Есбергенова:

— «Біздің ауданымыздың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ауруханамызға төрт санитарлық автокөлік табысталды. Біз оған өте қуаныштымыз. Бұл қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартатыны сөзсіз. Пайдалануға берілген автокөліктер аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсетіп, еліміздің, ауданымыздың медицина саласы дами берсін. Алдағы уақытта әріптестеріміздің жұмысына сәттілік тілеймін», - дейді ол.

Динара Гиззатова

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале