26.12.2024, 19:00
Оқылды: 198

Жәнібек ауданында жаңа үйлер пайдалануға берілді

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Тимур Шиниязов жаңа тұрғын үйлердің кілтін иелеріне табыстады.

image-26-12-24-06-23

Фотоға түсірген: Қ.Қамит

Жалпы аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 391 адам тұр. Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл Жәнібек ауданы бойынша үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап, «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 жылдан 2029 жылға дейінгі» тұжырымдамасына сәйкес құрылысы жоспарланған 38 баспананың 32-сі пайдаланымға берілді.

image-26-12-24-06-23-1

Бұған дейін 17 баспананың кілті табысталса, бүгін қалған пәтерлер өз иесін тапты. Соның ішінде Тау ауылынан Сүндетқали Көшекқалиев, Жәнібек ауылынан Забира Шарбөкенова, Ақгүл Өтемісова, Бибінұр Жұмағалиева, Ерқанат Оңайәлиев, Ғалия Мыштаева, Айнагүл Рахматуллина, Жеңіс Ғаділбекова, Ұзынкөл ауылынан Сандуғаш Даржауова, Жәния Ахмулдина, Борсы ауылынан Гүлзада Жанболатова, Талов ауылынан Жұмағаным Қаниятова мен Салтанат Рахимберлиева қоныстой мерекесіне дайындалуда.

image-26-12-24-06-23-2

image-26-12-24-06-23-3

image-26-12-24-06-23-4

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале