30.04.2021, 16:52
Оқылды: 72

Бәйтеректе этнос өкілдерінің онлайн форумы өтті

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай Бәйтерек ауданында «Қазақстан – татулық пен достық мекені» атты ауданды мекендеген барлық этнос өкілдерінің онлайн форумы өтті.

 IMG-20210430-WA0027

Аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған шараға ауылдық округ мамандары, жастар және орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.

Бірлік пен татулық мерекесіне орайластырылған шара үлкен деңгейде өтуі керек еді. Өкінішке орай ел ішін шарлаған індет жоспарды бұзып, жиынды ұйымдастырушылар лайв форматқа ауысуға мәжбүр болған. Десе де форум өз деңгейінде өтті.

smart

- Қазақстан халқының бірлігі туралы көп айтуға болады. Осы бірліктің, елдегі ынтымақтастықтың арқасында еліміз биік белестерді бағындырып, бір тудың, бір шаңырақтың астына ұлт болып ұйысып келеді. Қазақ елінің ішкі бірлігіне, қоғам тыныштығына іріткі салатын, теріс пікір қалыптастыратын адамдар да бар. Бірақ сіз бен біздің көздеген мақсатымыз – Қазақстан халқының ынтымағына сызат түсірмеу. Бүгінгі мемлекеттік мереке қарсаңында барлығыңызға шын жүректен алғысымды білдіре отырып, бірлігімізді, елдігімізді ұлықтайтын мерекемен баршаңызды құттықтаймын, -деді жиын басында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр.

smart

Одан соң аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Виктория Қонашева, Дариян ауылдық кітапханасының оқырманы Светлана Акименко, Қасым Аманжолов атындағы мектеп оқушысы Анастасия Турцова және Дариян орта мектебінің оқушысы Арсений Никитиндер сөз алып, ел бірлігін сақтау, татулық пен ынтымақты арттыру туралы ойларымен бөлісті.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале