1.11.2021, 23:08
Оқылды: 77

Бәйтеректе ҰОС ардагері Қабдисат Избасовты еске алуға арналған аудандық турнир өтті

Бәйтерек ауданы орталығындағы Камен мектебінің қабырғасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдисат Құсайынұлы Избасовты еске алуға арналған аудандық турнир оздырылды.

0E6A884E-7767-4D10-B118-E68C67049CC6

Бұқаралық спортты дамытып, волейбол ойынына деген қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар өскелең ұрпаққа кешегі батырлар есімін дәріптеу, патриоттық сана-сезімді күшейту мақсатында өткен  турнирде аудан педагогтерінен құралған командалар  бақ сынады.

65086085-B63B-4532-8F4B-E3BDC9659898

Ел үшін кеудесін оққа тосқан ардагерді ұлықтаған жарыс қорытындысында Камен мектебінің ұстаздары жеңімпаз атанса, егіндібұлақтық мұғалімдер екінші орынға,  Ульянов мектебінің командасы үшінші орынға табан тіреді. Турнир барысында белсенділігімен көзге түсіп, үздік ойын көрсеткен Александр Гельцер «Үздік ойыншы», Николай Самаркин «Үздік байланыстырушы»,  Эльмир Уразаев «Үздік шабуылшы» аталымдарына лайықты деп танылды.

31E81A98-86B0-4C3C-9A75-16F06D7D3B50

A1080F6D-1399-497E-A9B4-1C3277CD573C
Турнирдің өтуіне ұйытқы болған соғыс ардагерінің немересі Руслан Бажиков жарысқа атсалысқан ұстаздар мен мамандарға өз алғысын білдіріп, болашақта аталмыш жарысты дәстүрлі түрде өткізіп тұруды көздейтінін айтты.

Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале