21.06.2022, 18:00
Оқылды: 67

Біз – бақытты балдырған

Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың жазғы демалыс лагерінен басталары сөзсіз. Шыңғырлау ауданының Ақбұлақ ауылы Тасмола мектебінде маусым айында ашылған «Қызғалдақ» жазғы демалыс лагері 30 мамыр мен 8 шілде  аралығында жұмыс жасайды. Жазғы демалыс орнында 50 балдырған уақытын көңілді өткізуде.

лагерь (2)

Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары қамтылды. Лагерьге келген демалушыларды күнделікті сергіту сәтімен қарсы алып, олармен сауықтыру іс-шаралары жүргізілуде. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға бір мезгіл тамақ беріледі. Жоспарланған іс-шаралар мен спорттық ойындарды жауапты тәрбиешілер ұйымдастыруда. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән айтады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтуде. Тәрбиешілер әр күні іс-шара ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерін жұмсауда. «Бес асық»,  «Кім мықты» тағы басқа түрлі сайыстарға оқушылар қызығушылықпен қатысып отырады.

Балалардың көңілді демалып жатқандығы жүздерінен көрініп тұр. Олардың демалуына  барлық жағдай жасалған. Емін-еркін ойнауына арналған арнайы алаңдар, бөлмелер жабдықталған, демалушылар ойын-сауық құралдарымен қамтамасыз етілген.

Гүлмира Хамитқызы,

Тасмола ЖОББМ-ның

 бастауыш сынып мұғалімі,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале