5.07.2022, 11:15
Оқылды: 88

БҚО-да киік атқан браконьерлер ұсталды

Өңіріміздің оңтүстік аудандарының күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі - киік мәселесі. Киіктің санын қалай азайтамыз деп жүргенде браконьерлердің дала еркесін заңсыз атып, олжаға кенелуі тыйылмай тұр.

InShot_20220705_111218935

Киікті заңсыз ату дерегі Казталов ауылында да тіркелді. «Қосөзен» шекара бекеті сарбаздарының қырағылығы арқасында киіктің мүйізін алып, оңай жолмен байымақ болғандардың ізі кесілді.

InShot_20220705_111241580

- 3 шілде күні «Қосөзен» шекара бөлімшесі қызметкерлерінің жұмысы барысында Казталов ауылынан 9 шақырым жерде заңсыз киік атушылар қолға түсті. Браконьерлер қолайсыз ауа райын пайдаланып, аңшылыққа шыққан сыңайлы. Ұсталған Казталов ауылының және Орал қаласының азаматтарынан 8.5 мм-лік 15 дана, 20 мм-лік 20 дана оқ-дәрі тәркіленді. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің «Заңсыз аңшылық» 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді «Қосөзен» шекара бөлімшесінің бастығы, капитан Мағжан Тоқтахын.

InShot_20220705_111257817
Шекарашылар халықтың тыныштығын ғана емес, ел азаматтарының заңсыз әрекеттеріне де тосқауыл болуда. Бұл - қызметке адалдықтың бір көрінісі.

Бекарыс Әбіш,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале