Жасыл өлкенің келбеті күн санап көркейіп келеді. Тұрғындардың тынығуы үшін Зеленов ауданы Январцев ауылында демалыс саябағы салынуда.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстың алғашқы кезеңіне 1 млн 700 мың теңге қаражат бөлініпті. Құрылыс жұмысын «Тамаша» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі қолға алған. Қазіргі кезде саябақ қоршалып, жол тас төселуде.
-Алдағы уақытта жарық шам, саябақтың сәнін келтірер су бұрқақ орнатып, орындықтар қою жоспарда тұр. Бұл аталған жұмыстар «ЖайықМұнай» ЖШС-нің демеушілігімен іске аспақ,- дейді округ әкімі Абылай Жұмағалиев.
Динара НАСЫР
Зеленов ауданы
zhaikpress.kz