19.06.2017, 18:19
Оқылды: 69

Демалыс саябағы салынуда

Zelenov sayabak   Жасыл өлкенің келбеті күн санап көркейіп келеді. Тұрғындардың тынығуы үшін Зеленов ауданы Январцев ауылында демалыс саябағы салынуда.

   «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстың алғашқы кезеңіне 1 млн 700 мың теңге қаражат бөлініпті. Құрылыс жұмысын «Тамаша» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі қолға алған. Қазіргі кезде саябақ қоршалып, жол тас төселуде.


    -Алдағы уақытта жарық шам, саябақтың сәнін келтірер су бұрқақ орнатып, орындықтар қою жоспарда тұр. Бұл аталған жұмыстар «ЖайықМұнай» ЖШС-нің демеушілігімен  іске аспақ,- дейді округ әкімі Абылай Жұмағалиев.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале