5.07.2021, 3:29
Оқылды: 93

Домбыра – дастан

Бәйтерек ауданы орталығында Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай ашық аспан астында салтанатты концерт ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйі ұйытқы болған шараға ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева қатысты.

smart

Бірнеше жыл бұрын ашылған «Домбыра» мүсіні жанында оздырылған концертті тамашалауға ауыл тұрғындары көп жиналды.

Ұлттың рухын тіктеп, намысын оятатын игі шаралардың бірі – бірнеше жылдан бері тойлана бастаған Ұлттық домбыра күні. Елбасының өзі үлкен мән беріп жариялаған айтулы күні еліміздің әр ауыл, әр қаласында ұлттық аспабымызға үлкен насихат жасалатынын өз сөзінде ерекше атап өткен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр жиналғандарды мерекемен құттықтады.

smart

Ұлттық аспабымызға деген құрметті арттырып, оның бағасын өсірер мерекеге арналған салтанатты шарада «Шежіре» ұлт-аспаптар ансамблі мен аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көпшілікке тамаша көңіл күй сыйлады. Әсіресе, қазақ күйлерінің попурриі, Кенесары Болғамбаев пен Артур Сисеновтің салған әндері алаңға жиналған ағайынның ерекше қошеметіне ие болды.

Салтанатты шара соңында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған қайырымдылық концертінде демеушілер мен қатысушыларынан жиналған қаражатқа «Altyn Dombyra» ЖК шебері Жанпейіл Сейтаховқа домбыра аспабын дайындатқанын атап өтті. Бүгінде хас шебердің қолынан шыққан аспаптар Орал қаласы мен облыс аудандарының музыка мектептері үйірмелерінің 13 оқушысына таратылуда. Республикалық «Қызыл Ай Қоғамы» ҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалы іске асырып жатқан "Қамқорлық" қайырымдылық жобасы ұсынған аспап переметныйлық талант Нұрайым Сақтайға да бұйырды. Жас өнерпазға ұлт аспабын сыйлаған Жанар Асылбекқызы да көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале