2.06.2022, 19:23
Оқылды: 60

Ерекше балалар еленді

Балалар жылына орай «Балалардың күлкісі - көркі, сәні әлемнің» атты ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған шара ұйымдастырылды. Әлеуметтік педагог Айша Қадыралиева үйінен дәріс алатын балаларды қонаққа шақырды. Шара барысында ерекше балалар әзірлеген бұйымдардан көрме жасақталып, ұстазы балалардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мінездеме берді. 

IMG-20220602-WA0035

Маманның айтуынша, есепте тұратын Ақбота Байболат, Кәусар Дәулеткерей, Ерлік Қабер, Бекнұр Сапи, Әлихан Қалиулла балалардың дамуы, дүниені тануы ілгерлеп келеді. Бисен округінде ерекше білімді қажет ететін бес бала болса, осы шараға орталықтан алшақ тұратын үш оқушы түрлі себептермен келе алмады.

IMG-20220602-WA0033

«Мен білемін, ойлаймын, ойнаймын» атты зияткерлік сабақ өткізді. Балалар апайлары берген тапсырмаларды жеке, топпен және апайларымен бірге орындады.

Балалар ауыл көркемөнерпаздарының концертін тамашалады. Оларға ауылдың жомарттары «Мырза» ШҚ иесі Бекежан Шынтемірұлы, жеке кәсіпкер, «Ерасыл» азық-түлік дүкенінің иесі Гүлнар Құсанова, жеке кәсіпкер Жаңылсын Укалаева, жас кәсіпкер Гүлзат Нұржанқызы сыйлықтар мен тәттілер тарту етіп, балалар мәз болысты. Ерекше білімді қажет ететін балалардың ата-аналарының атынан Асылғаным Өтебалиева әжеміз баршаға рахметін айтып, батасын берді.

IMG-20220602-WA0034

Өз кезегінде Айша Мұсақызы оқушыларына мадақтама, жомарт жүректі кәсіпкерлерге алғысхаттар табыстады.

Раушан Бақытова,

Бөкей ордасы ауданы, 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале