1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялады
15 Қазан 2021

Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялады

30.06.2020, 14:53
Оқылды: 110
Қаратөбеде ҰБТ сынағы ойдағыдай өтті

28-29 маусым күні Қаратөбе ауданында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы өтті.

EBDB72AE-53C6-4E3D-B26D-E21650FF8ED6

Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің базасында басталған білім бәсекесінің ашылу салтанатында сөз алған мемлекеттік комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан жас түлектерге тест парақтарын асықпай белгілеп, жоғары балл жинауға тілектестік білдіріп, ақ жол, сәт-сапар тіледі.

Аталмыш білім сынағына аудан бойынша 233 мектеп бітіруші түлектің 178-і қатысты. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен өкілдер қатысты. 

Білім бәсекесінде түлектер қазіргі елдегі ахуалға байланысты 2 аудиторияда сынақ тапсырды. ҰБТ сынағын өткізу кезінде ұялы байланыс сигналдарын шектейтін құрылғы орнатылып, қауіпсіздік шаралары қатаң сақталып, бейне-бақылау камералары жұмыс жасады.

Комиссия құрамы мүшелерінің және түлектердің алдында тест кітапшалары бар қорапша ашылды.

ҰБТ қорытындысы бойынша ауданның орташа көрсеткіші - 77,85-ді (былтырғы жылы орташа балл - 75,37) құрады. 

Аудан бойынша «Алтын белгіге» 8 үміткер болса, соның 4-еуі сенім биігінен көрінді. Ал «Ерекше үлгідегі» аттестатқа 5 түлектің ешбіреуі үмітті ақтай алмады. 

Ең жоғарғы балл – 119. Бұл көрсеткішті Қаратөбе мектеп-гимназиясының түлектері жинап, мектеп абыройын асқақтатты. ҰБТ-ны өткізу кезінде құқықбұзушылық оқиғалары орын алған жоқ.

 Маралбек Амантаев,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале